- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да полицей қаза...
БҚО-да полицей қаза тапқан жол апаты: балалардың жағдайы белгілі болды
БҚО-да полицей қаза тапқан жол апатында аман қалғандардың жағдайы белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айта кетейік, 24 тамызда Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңындағы Чапаево-Жалпақтал-Казталов тасжолында төрт адам жол апатынан қаза тауып, тағы бірнеше адам жарақат алған еді.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен екі адам Жалпақтал ауылындағы ауруханада жатыр. Сегіз жастағы баланың жағдайы өте ауыр. Ол Орал қаласына жеткізілуі мүмкін.
43 жастағы ер адамның да жағдайы ауыр. Алайда ол 26 тамызда өз еркімен ауруханадан үйіне кеткен.
Ал 10 жастағы бала санавиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Оның да жағдайы ауыр. Бала жансақтау бөліміне ауыстырылды.
Еске салайық, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңындағы Чапаево-Жалпақтал-Казталов тасжолында төрт адам жол апатынан қаза тапқаны хабарланды.
Қаза тапқандардың бірі - Казталов ауданы полиция бөлімінің бірінші орынбасары.
"Көлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан. Көліктің салонында бес адам болған. Оқиға орнында төрт адам қайтыс болды. Бесіншісі ауруханада қайтыс болды", - деп жазылған мәліметте.
Деректерге сүйсенсек, қаза тапқан полицей - полиция майоры Марлен Қарабаев. Оқиға салдарынан оның жұбайы да қайтыс болды. Олардың артында бес баласы қалды. Қаза тапқандар сыныптастар болған. Сонымен қатар олардың арасында тағы бір ерлі-зайыпты болған. Олардың артында жеті бала қалды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина