БҚО-да қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Орал қаласының соты қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Ташенбаевқа, оның қарамағындағы бас маман Н.Ғатауға және "Алиханстройпроект" ЖШС директорының орынбасары А.Көпбаевқа үкім шығарды.
Тәшенбаев пен Ғатау 7 және 3,5 жылға, ал пара беруші 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Олардың барлығы өмір бойы мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылған.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басқармаларының басшылары пара алғаны үшін сотталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз