БҚО-да өзін абайсызда атып жіберген полицей қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәіметінше, полицей 27 маусымға қараған түні қайтыс болған.
Алдын ала болжам бойынша, ол өзін байқаусызда атып жіберген болатын.
БҚО денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ер адам жарақат алғаны туралы ақпарат 07.41-де түскен.
Жедел медициналық жәрдем бригадасы 2003 жылы туған ер адамды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізген. Науқасқа шұғыл түрде операция жасалған. Полицей жансақтау бөлімінде жатқан. Жағдайы өте ауыр деп бағаланған болатын.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!