БҚО-да өзендегі мұзда 20-ға жуық киіктің қатып қалған өлігі табылды

БҚО-да өзендегі мұзда 20-ға жуық киіктің қатып қалған өлігі табылды
Фото: Айболат Букенов

Блогер Айболат Бөкенов Facebook парақшасына Қызыл кітапқа енген жануарлардың мұзда қатып қалған бейнежазбасын жариялады.

Видео Қазталов ауданы, Көктерек және Жұлдыз ауылдарының арасында түсірілген.

Қазталов ауданының әкімі Рүстем Зұлқашев ақбөкендердің шынымен де өзеннен өту кезінде суда қырылғанын айтты. Жануарлар Қаратай қыстағы тұсында Сарыөзеннен судан шыға алмай қалған.

Бұлардың біреуі – теке, жетеуі – аналығы, қалғаны – биылғы лақтар.

"Мұз өте қалың. Қазір бұл жерде Бөкейорда қорығы мен "Охотзоопром" кәсіпорнының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Олар мұздан жануар өлексесін алып, аумақ тазартылады", - деді әкім.

Т. Раушанұлы