Батыс Қазақстан облысында оқушы пышақ жарақатын алғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Балалардың құқығын қорғау комитеті мәліметінше, зардап шеккен оқушыға медициналық көмек көрсетілген, жағдайы тұрақты.
"Оқиға орнында білім басқармасының мобильді тобы құрылып, жұмыс істеп жатыр, оның құрамында өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл де бар. Мектеп әкімшілігімен, ата-аналармен және оқушылармен түсіндіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деді Балалардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша іс қозғалған.
"Қол жұмсаған жасөспірім ұсталып, материалдар кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жолданды", - деді ведомство өкілі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова