БҚО-да оқушы өз-өзіне қол жұмсаған

БҚО-да оқушы өз-өзіне қол жұмсаған
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

БҚО-да оқушы өз-өзіне қол жұмсаған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға өңірдегі аудандардың бірінде болған. Басылым мәліметінше, 9-сынып оқушысы асылып қалған.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл жайтты растап, суицид дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілгенін хабарлады. Полицейлер оқиғаны тексерген.

"Тәртіп сақшылары істе қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келді. Сотқа дейінгі тергеу тоқтатылды", - деп жазылған мәліметте.

Еске салайық, бұған дейін Шымкентте 11-сынып оқушысы өз-өзіне қол жұмсағаны хабарланды.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова