БҚО-да нан өткен айда қымбаттаған еді, енді баға тағы өсті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Басылым мәліметінше, Орал дүкендерінде нан 200 теңгеден сатылып жатыр.
"Бүгін жаңа бағамен әкелді", - дейді сатушылар.
"Котов" ЖК наубайханасының қызметкерлері жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан бүгіннен бастап қымбаттағанын айтқан. Бұрын наубайханаларда баға бір бөлке үшін 170 теңге болса, қазір 190 теңге. Бағаның өсуі ұн, май және қант бағасының өсуіне де байланысты екені айтылды. Сондай-ақ, барлық кондитерлік өнім бағасы 20 теңгеге көтерілген.
Қаладағы наубайханалардың бірінің басқарушысы оларда да жағдай осындай екенін және қазір баға 190 теңге екенін айтқан.
"Жоғары сұрыпты ұн бағасы 170 теңге еді, қазір келісі 190 теңге, демек, баға өсті. Барлық құрамы қымбаттады. Өзіміз қант шығармаймыз, ұн көрші Ресейге қарағанда қымбат, ал қазір рубль өсіп жатыр. Біздің ұннан нан пісірсек, бір бөлке 250 теңге болады", - деп атап өтті басқарушы.
Алайда мамырда нан бағасы өскен кезде ауылшаруашылық басқармасы өкілі жыл соңына дейін қымбаттамайтын, әлеуметтік нан бағасын бақылап отырғандарын айтқан.