БҚО-да мүгедектердің құқығын таптаған дәрігерлер жазаланды

БҚО-да мүгедектердің құқығын таптаған дәрігерлер жазаланды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы медициналық ұйымдардың онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелеріне талдау жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Талдау кезінде жүйелік бұзушылықтар анықталды. Дәрігерлер Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережелерінің талаптарын сақтамаған.

Атап айтқанда, қатерлі ісікпен ауыратын және дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар 58 азаматтың мүгедектігі болмағаны анықталды.

Белгіленген талаптарға қайшы медицина қызметкерлері оларды медициналық-әлеуметтік сараптамаға жібермей, азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына әкеп соқты.

Қазіргі уақытта онкологиялық науқастарды сараптамаға жіберу үшін прокурорлық қадағалау актісі бойынша материалдар дайындалып жатыр. Бұзушылықтар үшін онкологиялық диспансердің кінәлі қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина