БҚО-да мопед пен мотоцикл соқтығысып, жасөспірім мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 20 маусымда сағат 3:30-да Переметное ауылындағы жанармай құю бекетінің маңында болды. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Alpha Samurai мопедінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, салдарынан мотоциклмен соқтығысқан.
Полицейлер сараптама тағайындады және тергеу жүргізіп жатыр.
2006, 2007 және 2008 жылы туған жасөспірімдер зардап шеккен. Әртүрлі жарақаттармен екі адам аудандық ауруханаға жеткізілді, кейінірек облыстық балалар көпсалалы ауруханасына жеткізілді.
"2006 жылы туған науқас медициналық мекемеге ауыр жағдайда түсті. Екінші күні ол қайтыс болды. 16 және 17 жастағы жасөспірімдерге амбулаториялық ем тағайындалды. 16 жастағы науқасқа ота жасалды", - деді өңірдің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!