- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да миллиондаған қарызы...
БҚО-да миллиондаған қарызы бар адам ұсталды
Фото:
polisia.kz
БҚО-да полиция 1,3 млн теңге қарызы бар борышкерді ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгін "Suncar Smart Qorgau" автоматты жүйесі арқылы Hyundai автокөлігі тоқтатылды. Оның жүргізушісі облыс орталығының көшелерінде бірнеше рет жылдамдықты арттырған.
Орал қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жүргізушіні ұстады. Тексеру кезінде оның 53 рет жол ережесін бұзғаны анықталды. Құқық бұзушы 2003 жылы туған Орал қаласының тұрғыны екені белгілі болды.
Негізінен заң бұзушылықтар жылдамдық режимінен асып кетумен байланысты болды. Айыппұлдың жалпы сомасы 1 миллион 300 мың теңге.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина