Бүгін Оралда «Мерейлі отбасы - 2024» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары марапатталды.
Жүлдегерлерді облыс әкімі Нариман Төреғалиев құттықтады.
"Облыс бойынша 11 жылдың ішінде ұлттық байқаудың кезеңдеріне 2 205 отбасы қатысты. Оған қатысуға ниет етушілер де жыл сайын артып келеді. Биылғы байқаудың қала және аудандық кезеңіне 205 өтінім түсіп, 26 отбасының құжаттары облыстық кезеңге жолданған.
Арнайы құрылған комиссияның шешімімен 13 отбасы облыстық кезеңге жолданып, бүгін шарада бас қосып отырсыздар. Әр отбасының әл-ауқатын жақсарту - Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндеттің бірі. Отбасы – мемлекет назарынан ешқашан тыс қалған емес. Кешегі су тасқыны кезінде, облыс бойынша зардап шеккен отбасыларға гуманитарлық көмек беріліп, бір реттік жәрдемақылар тағайындалды. Жалпы 1 383 тұрғын үй жөнделуге жатса, соның 1 310-ы жөндеуден өтті. 775 жаңа тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр", - деді облыс әкімі.
Үшінші орынға Ақжайық ауданынан қатысқан Ажгалиевтер отбасы ие болды. Ал екінші орын Қаратөбе ауданынан келген Байтеміровтер отбасына бұйырды.
Орал қаласының атынан қатысқан Хамзиндер отбасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында өтетін республикалық кезеңге жолдама алды.
БҚО әкімдігі ұсынған материал
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!