БҚО-да шенеунік ұсталды (видео)

ҰҚК Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік шекара арқылы тауарды заңсыз импорттау арнасын әшкереледі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сот санкциясымен Батыс Қазақстан облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшыларының бірі және елорда тұрғыны ұсталып, қамауға алынды.

"Олар ақшалай сыйақы үшін шетелдік азаматтарға халық тұтынатын тауарларды кедергісіз әкелуге көмектескен. Олардың 100 млн теңгеден аса пара алғаны процестік тұрғыдан құжатталған. Алдын ала есеп бойынша мемлекетке келтірілген шығын - 1,9 млрд теңге", - деп жазылған хабарламада.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз