БҚО-да мас жүргізуші анасы мен қызын қағып кеткен: біреуі қаза тапты

БҚО-да мас жүргізуші анасы мен қызын қағып кеткен: біреуі қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында мас күйде адам қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ-ке сілтеме жасап.

Жол апаты салдарынан анасы мен қызы зардап шегіп, олардың біреуі қаза тапқан. Оқиға 8 қыркүйекте сағат 23:00 шамасында Круглоозерное ауылында болған.

Lada Priora көлігінің жүргізушісі жол жиегінде келе жатқан екі әйелді қағып кетіп, ізін суытқан.

Жол апаты салдарынан зардап шеккендердің бірі оқиға орнында көз жұмған, ал екіншісі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

"Олар анасы мен қызы болып шықты. Жедел іздестіру іс-шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні дереу ұстады. Медициналық сараптама жүргізуші көлікті мас күйде басқарғанын растады. Қазір ер адам қамауға алынды", - деп жазылған мәліметте.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget