БҚО-да мал ұрлығын кәсіп қылғандар ұсталды

БҚО-да мал ұрлығын кәсіп қылғандар ұсталды
Фото: Massaget.kz/Болат Айтмолда

Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында полиция мал ұрлығына қатысты бірнеше істің бетін ашты. Жедел-іздестіру шаралары барысында екі адамның тоғыз дерекке қатысы болуы мүмкін екені анықталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдіктілер бірнеше ай ішінде бес бас ірі қара мен алты жылқыны ұрлаған. Ұрланған малдың арасында еркін жайылымда жүргендері де болған.

Полиция келтірілген материалдық шығынның жалпы көлемін 5 миллион 460 мың теңге деп бағалап отыр.

Қазір екі күдікті де ұсталған. Сот санкциясымен оларға қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тәртіп сақшылары ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да мал ұрлығы деректеріне қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр. Сонымен қатар, жоғалған малды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция соталды тергеу әлі жүріп жатқанын атап өтті. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу барысына қатысты өзге мәліметтер жарияланбайды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Massaget.kz
Logotype Massaget