Полиция қызметкерлері Ақсайда қызға шабуыл жасаған адамды ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қаңтар айының соңында Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында белгісіз біреу қызды бұзақылық ниетпен ұрып-соғып, оқиға орнынан бой тасалаған болатын.
Полиция қызметкерлерінің белсенді әрекеттерінің нәтижесінде қылмысқа күдіктінің кім екенін анықталды. Ол Бәйтерек ауданының тұрғыны болып шықты.
Қылмысты ашу үшін есепте тұрған тұлғалар тексеріліп, ішкі істер бөліміне күдіктіге ұқсас 38 тұлға жеткізілді.
Бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, бейнебақылау жүйелердің көмегімен шабуылдаушының жүру жолы анықталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!