БҚО-да қылмыстық топ құрықталды

БҚО-да қылмыстық топ құрықталды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысында қылмыстық топ құрықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі"Мой город" басылымына сілтеме жасап. Ұсталғандар мыс кабельдер мен батареяларды ұрлаған.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, криминалдық полиция қызметкерлері Ақсай қаласында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Топтың құрамында үш жергілікті тұрғын болды.

Жастар Бөрлі ауданындағы мұнай-газ кәсіпорындарының бірінен мыс кабельдер мен аккумуляторларды ұрлаған. Тінту барысында күдіктілерден ұрланған мүлік жартылай тәркіленді. Полицейлер қылмыскерлер ұрланған тауарды сатқан сатып алушыны тапты.

"Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция.

Ұрлық дерегі бойынша алты бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек