- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да құралайлар қырылды...
БҚО-да құралайлар қырылды
Батыс Қазақстан облысында бөкендер баудай түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
19 мамырда кешкі уақытта Жәнібек ауданы Ащыөзек өзенінің бойында, Казталовка-Жәнібек жолының оңтүстік бетінде 243 бас киіктің өлексесі табылды. Оның 236-ы құралай болса, жетеуі аналық екен. Лақтардың мұрнынан қан кеткен, іштері кеппеген. Киіктер уланды ма әлде жұқпалы індетке шалдықты ма – әзірге белгісіз.
Оқиға орнына жедел жеткен ветеринарлық қызмет пен Санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының мамандары ауадан, судан, топырақтан сынама алған. Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің зертхана қызметкерлері де оқиға орнына жетіп, жануарлардан патологиялық материал жинапты.
Бүгін түс ауа жергілікті әкімдіктің күшімен киіктердің төшкесі жиналып өртелді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина