БҚО-да тұрғынды бопсалаған ер адам ұсталды. Ол милиондаған ақша талап еткен, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Басылым мәліметінше, полицияға 32 жастағы ер адам жүгінген. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам қорқытып, миллион теңгесін алып кеткен. Біраз уақыт өткен соң ол жәбірленушіден тағы бір жарым миллион талап еткен.
"450 мың теңгені алу кезінде бұрын сотталған 32 жастағы күдікті ұсталды. Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабы "Бопсалау" бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.
Бап санкциясында жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.