БҚО-да көлік тасжолда арыққа құлап, өртеніп кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ведомство мәліметінше, 6 қыркүйекте сағат 18:00-де облыстық маңызы бар Чапаев - Жаңақала - Сайқын тасжолының 55-шақырымында Toyota Hilux жүргізушісі рөлді басқара алмай, арыққа аударылып кеткен. Салдарынан көлік өртенген.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында көз жұмған. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілген.
Бұл дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу басталған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!