Батыс Қазақстан облысында киіктерден пастереллез ауруы анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі qazaqstan.tv-ға сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, одан бөлек төрт ауданда мал арасында белгісіз індет таралып жатыр. Сиырларда ауыз қуысының бөртуі, сілекей көп бөлінуі және әлсіреу байқалған.
Ауру малдан алынған сынамалар зертханаға жіберілді. Қазір нақты диагнозы анықталмаған.
"Мамандар киіктерден алынған биоматериалдарды да зерттеп жатыр. Жыл басынан бері табиғи жағдайда өлген 3281 киік жойылған", - деп жазылған мәліметте.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Ж. Қадыржанова