Батыс Қазақстан облысында топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алып тастаған кәсіпорынға 22 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.
Теректі және Ақсуат ауылында анықталған заңбұзушылық қатаң бақылауға алынды.
Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшесі жауапты мекемені "Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясы шекарасы" тасжолындағы бұзылған жерлерді 3 ай аралығында қалпына келтіруге міндеттеді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!