БҚО-да жыл басынан бері 400-ден астам адам қаладан ауылға көшті

БҚО-да жыл басынан бері 400-ден астам адам қаладан ауылға көшті
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Биыл Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік бағдарламалармен қатар "Қаладан ауылға" өңірлік бағдарламасы бастау алды.

Бұл жоба шекара маңындағы ауылдарды дамытуға және қала тұрғындарының ауылдарға жаппай қоныс аударуын қолдауға бағытталған. Бағдарлама аясында қоныс аудару үшін 57 ауыл белгіленіп, басынан бері 78 отбасы (402 адам) ауылға қоныс аударды.

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында да бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Сәуір айынан бері тазалық акциясына бүгінгі күні облыс бойынша 172 мыңнан астам тұрғын, 4 мыңнан астам мекемелер мен кәсіпорындар қатысты. 77 мыңнан астам аула, 2508 көп қабатты тұрғын үйлер, 74 мың жеке тұрғын үйлер, 300 - ге жуық саябақтар жиналды. Облыста 59 мыңнан астам ағаш көшеттері отырғызылды, 1221 әлеуметтік нысанға, бір мыңнан астам (1021) тарихи-мәдени ескерткіштерге тазалық жұмыстары жүргізілді.

Экологиялық акция аясындағы жұмыстар жалғасуда.

Материалды Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ұсынды

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

М. Лұқпан