БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты: ішінде жұбайымен бірге полицей де бар

БҚО-да жол апатынан 4 адам қаза тапты: ішінде жұбайымен бірге полицей де бар
Фото: БҚО ПД

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жалпақтал ауылының маңындағы Чапаево-Жалпақтал-Казталов тасжолында төрт адам жол апатынан қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі өңірдің Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 24 тамызда сағат 08:20-да болды. ГАЗ-3102 көлігінің жүргізушісі тізгінді басқара алмай жол жиегінде тұрған шөп тиелген КамАЗ-бен соқтығысқан. Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жатқызылды, олардың екеуі кәмелетке толмағандар.

Жол апаты кезінде ГАЗ-3102 көлігінің жолаушылары және полиция қызметкері мен оның жұбайы қаза тапты. Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына көңіл айтады.

Жол апаты дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіледі.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова