Батыс Қазақстан облысы Шалқар көлінде ағыс алып кеткен 8 жастағы бала тікұшақпен іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД" басылымы.
Басылым мәліметінше, оқиға 22 маусым күні сағат 16.45-те Теректі ауданы Сарыөмір ауылы маңындағы Шалқар көлінде болған. Үрлемелі матраста ата-анасының қарауынсыз қалған 8 жастағы ұл баланы желдің әсерінен ағыс көлдің ортасына қарай алып кеткен. Оны құтқарамын деп 1957 жылғы атасы ұмтылған.
Атасы мен немересін іздеуге Шалқар көліндегі құтқару бекетінен 5 адам бір қайықпен шыққанымен нәтиже бермеген.
Кейін іздестіру жұмыстарына "ҚазАвиаҚұтқару" АҚ тікұшағы қосылған.