БҚО-да жерді заңсыз бергендер сотталды

БҚО-да жерді заңсыз бергендер сотталды
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы тексеру барысында заңсыз берілген жер телімдерін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бәйтерек ауданында жалпы ауданы 45,9 гектар жер телімдері бау-бақша және саяжай құрылысына сатып алу құқығымен азаматтардың жеке меншігіне заңсыз берілген.

Учаскені жекеменшікке беру кезінде белгіленген төлемнің базалық мөлшерлемесі негізсіз төмендетілгені, осылайша учаскелер 1,1 млн теңге көлемінде төмен бағамен сатылғаны анықталды, ал нақты бағасы 107,3 млн теңге.

Аудандық жер қатынастары бөлімінің бастығына қатысты қызметтік өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін арнайы прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруді (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабының 4-бөлігі 3-тармақ) жүргізді. Қылмыстық іс аудандық сотқа жіберілді.

16 қыркүйекте сот сотталушыны кінәлі деп тауып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды.

Мемлекетке келтірілген шығынды өтеу туралы талап толығымен қанағаттандырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина