БҚО-да жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшыраған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Бөрлі ауданындағы Қызылтал ауылының маңында болды.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, 26 маусымда сағат 17:00-де Бөрлі ауданының Қызылтал кентіне апаратын жаңа жолда апат болған. Жедел жәрдем көлігі мен Nissan Primera соқтығысты.
"Екі жүргізуші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша жедел жәрдем жүргізушісі, ал Nissan Primera жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы бойынша жауапқа тартылды", - деп түсіндірді ведомство өкілі.
Апат салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!