- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да Жайық өзені...
БҚО-да Жайық өзені бақылауға алынды
БҚО-да Жайық өзені бақылауға алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі atpress.kz-ке сілтеме жасап.
"Су Ресей Федерациясының тарапынан келеді, онда су тасқынына байланысты Ириклин су қоймасына жіберіліп жатыр. РФ тарапынан Ириклин су қоймасының суын ағызу біртіндеп азайып келеді. Ресей тарапының ақпараты бойынша Ирикла су қоймасына ағын жылдамдығы - 1 485 м3/сек", - деді Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы полковник Руслан Қасыбаев ОКҚ алаңында өткен брифингте.
Су тасқыны кезеңі басталғалы барлығы 12 970 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 400-ге жуығы бала. 1155 тұрғын үй су астында қалды, оның 732-сіне тұрғындар қайтып келді.
Еске салайық, бұған дейін су тасқыны салдарынан БҚО-ға қандай қауіп бары айтылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова