БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой Город" басылымына сілтеме жасап.
Оқиға Орал-Атырау тасжолында болған. 7 шілдеде сағат 22.00 шамасында екі көлік соқтығысқан.
"Сағат 22:00-де Тайпақ ауылының маңындағы Атырау-Орал тасжолында жол апаты болғаны туралы шақыру түсті. 103 бригадасы келгенге дейін 4 адам жан тапсырды. Сонымен қатар, екі адам зардап шекті. Олардың бірі - шамамен 50 жастағы ер адам, ол тексерістен және ауруханаға жатудан бас тартты. 1966 жылы туған екінші адам Тайпақ ауылының ауруханасына жеткізілді. Оған медициналық көмек көрсетілді. Амбулаториялық ем тағайындалды", - деді Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілі.
Оқиғаға қатысты Полиция департаменті өкілдері әзірге пікір білдірмеді.
Еске салайық, бұған дейін Ақтауда жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапқаны хабарланды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!