БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты

БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан 4 адам қаза тапты
Фото: mgorod.kz

БҚО-дағы тасжолда жол апаты болып, төрт адам қаза тапты. Тағы екі адам қатты зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

БҚО Полиция департаменті мәліметінше, 22 маусымда таңертең Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңындағы Самара-Шымкент тасжолында көліктер соқтығысқан.

"Лада Приора" көлігінің 43 жастағы жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Мазда" көлігімен соқтығысқан. Оқиға салдарынан екі жүргізуші, екі жолаушы сол жерде жан тапсырды. Тағы екі жолаушы ауыр жарақат алды. 

Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша соталды тергеу басталды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова