БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болып, ер адам көлікте тірідей өртеніп кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте сағат 13.20-да Бөрлі-Ақсай-Жымпиты тасжолында болған. БҚО полиция департаментінің мәліметінше, тасжолдың 23-шақырымында қарама-қарсы келе жатқан екі көлік соқтығысқан.  

"Алдын ала болжам бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі қарсы жолаққа шығып, Subaru-мен соқтығысқан", - делінген полиция хабарламасында. 

Жол апатынан кейін Volkswagen өртеніп кеткен. Салонда отырған жүргізуші тірідей өртеніп кеткен. Сонымен қатар Subaru-да отырған жолаушы оқиға орнында мерт болды. 

Subaru-дың жүргізушісі мен үш жолаушысы түрлі дене жарақаттарын алған. Олар ауруханаға жеткізілді. Жол апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз