Желіде чат-рулеткадағы видео тарады. Видеода үш қазақстандық видео арқылы шетелдікпен Қазақстан қалаларын басып алу үшін "автомат алу" туралы және Украинадағы жағдай туралы талқылаған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".
Видеода Норвегияның туымен отырған ер адам Қазақстанның туымен отырған үш адаммен сөйлесіп отырғанын көруге болады. Видеодағы шетелдік Украинадағы соғыс туралы сөз қозғап, сепаратистік әңгімелер айтады. Шетелдіктің бұл әңгімесін видеодағы қазақстандықтар да қолдаған.
Сонымен қатар, видеодағылар "Орал мен Чапаевты бірінші болып басып алуды, қолдарына автомат беруді" ұсынады. Видеодан Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бұзылғанын аңғаруға болады.
Видеодағы адамдарды ҰҚКД және Полиция департаменті өкілдері ұстады.
"Үшеуі де полицияға жеткізілді, бүгінде оларды жауапкершілікке тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат кейінірек беріледі", - деді ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!