БҚО-да жаңадан босанған әйел мен баласы қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Полиция бұл дерекке қатысты соталды тергеу бастаған. Бұл іске қатысты сараптама тағайындалды.
Басылым мәліметінше, 3 баланың анасы ауруханада 15 мамыо күні қайтыс болған. Жақындарының сөзінше, ол өмірге төртінші баласын әкелуі керек болған. Қайғылы оқиға болар күні ол ауруханаға өзі бар, күйеуінің сөзінше, әйелінің жағдайы тәуір болған.
"Алғашқы үш баламызды өзі босанған. Бұл жолы қалаға барып үлгермейтіндіктен аудандың ауруханада босанатыны айтылды. Бірақ дәрігерлер кесарь тілігін жасау туралы шешім қабылдады. Ол жерден тірі шықпады. Бала да шетінеп кеткен", - дейді марқұмның күйеуі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!