- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- мұнай өңдеу зауыты
БҚО-да жаңа мұнай өңдеу зауыты салынады
Батыс Қазақстанда жаңа мұнай зауыты салынады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. Қазақстан энергетика министрінің айтуынша, 2036 жылы жеңіл мұнай өнімдерінің жетіспеушілігі күтілгендіктен, жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалау қажет. Бұл зауыттың қуаты жылына 10 млн тонна болады.
"2036 жылы күтілетін жеңіл мұнай өнімдерінің тапшылығына байланысты қуаты жылына 10 млн тонна болатын жаңа мұнай өңдеу зауытын жобалауды, бірақ 2030 жылдан кешіктірмей жобалауды және 2032 жылы салуды бастау қажет. Жаңа мұнай өңдеу зауытын салу 2040-2050 жылдар аралығында елдің жанар-жағармайға деген қажеттілігін жабады. Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның қарқынды дамып жатқан нарықтарына жанар-жағармай экспорттауға мүмкіндік береді", - деді Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев.
Министрдің сөзінше, жаңа мұнай зауыты 2040-2050 жылдар аралығында елдің мұнай өнімдеріне деген қажеттіліктерін жабады және Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азияның қарқынды дамып келе жатқан нарықтарына мұнай өнімдерін экспорттауға мүмкіндік береді деп қорытындылады министр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
А. Бақдаулет