- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да жалған доллар...
БҚО-да жалған доллар ұрлап кеткен ер адам видеоға түсіп қалған
БҚО-да жалған доллар ұрлап кеткен ер адам видеоға түсіп қалған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
БҚО ПД Бөрлі ауданының криминалдық полиция қызметкерлері киім дүкенінен долларды ұрлап кеткен адамды ұстады.
Ер адам тек дүкеннің бейнебақылау камераларына емес, Бөрлі ауданының Жедел басқару орталығы камераларына да түсіп қалған. Камераға ер адам оқиға орнынан көлікке мініп кеткен жері түсіп қалса керек. Жедел қызметкерлерге қаскүнемді табу қиынға соққан жоқ. Ұрының Ақсай қаласының тұрғыны екені анықталды. Ұрланған "доллар" оның пәтерінен табылды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жауап алу кезінде оған таныстарының бірі дүкен иесінің долларды дүкенде сақтайтынын жеткізді. Танысының айтқанына сенген ол тез байып кетудің қамымен осындай әрекетке барған.
Бұл дерек бойынша БҚО ПД Бөрлі ауданы Пб-мен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина