Қызылорда облысының полиция қызметкерлері республика көлемінде интернет алаяқтықпен айналысып, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде зиян келтірген, Батыс Қазақстан облысында орналасқан қылмыстық топты құрықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында айғақ заттар ретінде 16 телефон, бірнеше қолданылған SIM-карталар, роутер құрылғысы және 3,5 миллион теңге көлемінде ақша тәркіленді.
Күдіктілер Қызылорда облысының әлеуметтік желі пайдаланушыларына "несие тарихын жаңғыртып, ақша алуға арналған бағдарлама жасаймыз” деген жалған ақпарат таратып, өздерінің интернеттегі IP-мекенжайларын және банктік есепшоттарын бүркемелеп, жәбірленушілерден жалпы сомасы 45 млн теңге қаражатты алаяқтық жолмен жымқырғаны үшін айыпталуда.
Соттың шешімімен күдіктілерге екі ай мерзімге күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз