- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да ғалымдар бюджет...
БҚО-да ғалымдар бюджет қаржысын жымқырған
Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғалымдары ғылым зерттеуге бөлінген ақшаны жымқырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы қаражат жымқыру дерегі бойынша Жәңгір хан атындағы Аграрлық-техникалық университетінің ғылыми қызметкерлерінің үстінен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембайдың айтуынша, Ғылым және жоғарғы білім министрлігі аса қауіпті аурулардың таралуын зерттеу үшін университетке 55 миллион теңге бөлген.
Ғылыми зерттеудің нәтижесі халықаралық конференцияларда талқыланып, содан кейін патенттелуі керек еді. Бірақ университет ғылыми зерттеу жұмыстарын формальды жүргізген және патент алмаған. Бұған қарамастан атқарылған жұмыстарға жалған акті жасалып, бөлінген қаражат ұрланған.
Прокуратураның тапсырмасы бойынша қылмыстық істі Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина