- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да Еуроодақ елдеріне...
БҚО-да Еуроодақ елдеріне заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды
Батыс Қазақстан облысында шекараны заңсыз кесіп өтпек болған шетелдіктер ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 тамызда ҰҚК Шекара қызметі Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері белгіленген өткізу пункттерінен тыс жерден Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өтуге талпынған 9 шетелдік адамды ұстады.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар Еуроодақ елдеріне бағыт алған.
17 тамызда БҚО Бөрлі ауданының сотымен Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 514-бабы 2-бөліміне сәйкес ұсталғандар жауапкерлікке тартылды.
Биыл БҚО аумағында Мемлекеттік шекараны кесіп өту тәртібін бұзған 110 шетелдік ұсталған.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Бөлек