БҚО-да есірткі өткізу арналарына тосқауыл қойылды

Фото: Видео кадры

БҚО-да есірткі өткізу арналарына тосқауыл қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.  

29 қазанда Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен есірткіге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмыскерлікке қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілді.

Құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың басшыларына нақты нұсқаулар берілді, олар бүгіннің өзінде оң нәтиже көрсетіп келеді.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен 1 желтоқсанда Алматы облысында орналасқан есірткі зертханасы анықталды.

Есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған құрал-жабдықтар тәркіленді.

23 қарашада Қостанай облысынан есірткі сатуға келгендер ұсталды. Ақтөбе облысынан сауда арнасы тоқтатылды.  

Үйлестіру кеңесінен кейін барлығы 50-ден аса соталды тергеп-тексеру басталып, 4 фитолаборатория анықталды.

"Нашақорлыққа жол жоқ" жобасы аясында 350-ден аса есірткі жарнамасы жойылды. 

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және күнделікті бақылауда. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Бөлек