- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да есірткі қолданған...
БҚО-да есірткі қолданған жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті
Батыс Қазақстан облысында жүргізуші мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Polisia.kz-тің хабарлауынша, оқиға 8 сәуір күні сағат 23:18 уақыт шамасында Атырау - Орал тас жолындағы Круглоозерное ауылының маңында болды.
33 жастағы Hyundai Sonata автокөлігінің жүргізушісі жолдың белгіленбеген жерінен өткен 33 жастағы ер адамды қағып кетті. Жүргізуші каннабиоидтарды (марихуана) қолданғаны анықталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан