БҚО-да полиция қызметкерлері есірткі жасырушыны ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
26 тамызда Бөрлі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі жасырумен айналысып жүрген 18 жастағы студентті ұстады. Ол Орал қаласындағы колледждердің бірінде оқитыны анықталды.
Студентті тексеру кезінде ішінде ақ түсті ұнтақ тәріздес зат салынған 36 зип-пакет тәркіленді.
"Тәркіленген заттар сараптамаға жіберілді. Ұсталған кезде күдікті 4 зип-пакетті жасырып үлгерген. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз