Батыс Қазақстан облысында есірткі жасырған мектеп оқушысы сотталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" арнасына сілтеме жасап.
Батыс Қазақстан облысында жасөспірімдер арасында есірткі қылмысы көбейді. Жыл басталғалы бері 4 күдікті ұсталған. Бұл туралы өңірдегі ішкі істер органдарының өкілдері айтты. Қазір "Орал – есірткісіз қала" пилоттық жобасы жүргізіліп жатыр. Мақсат – есірткісіз дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеу, оларға есірткінің зиянын түсіндіру. Құқық қорғаушылар бұл істе ата-аналар мен мұғалімдердің көмегі маңызды дейді.
"Былтыр есірткі жасырушылар туралы 3 дерек болатын болса, биыл 4 дерек анықталып отыр. Биыл ұсталғандардың ішінде 10-сынып оқушысы 7,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған үшеуінің ісі сотта қаралып жатыр", - деді БҚО ПД басшысы Арман Оразалиев.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!