- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да ер адам...
БҚО-да ер адам бірнеше күн бойы су басқан үйінде жалғыз қалып қойған
БҚО-да полиция қызметкерлері бірнеше күн бойы су басқан үйінде қалып қойған ер адамды құтқарып, қауіпсіз жерге жеткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
БҚО полиция департаментінің басшылығы өз мүлкіне алаңдаған саяжай қоғамдары тұрғындарымен кездесу өткізуге барды. Тұрғындарға қазір су басқан саяжайларды дронның көмегімен көруге болатыны және барлық аумақта полиция және құтқарушылар бар екені түсіндірілді.
Сондай-ақ, полиция және ТЖД қызметкерлерімен келісім бойынша тұрғындар қайықпен бірге жүзіп барып, өз үйлерін тексеру мүмкіндігі бар екені жеткізілді.
Мәселен полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылау және су басқан елді мекендерді тексеру барысында БҚО полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Жанболат Жаншин, БҚО ПД жылдам қимылдайтын арнайы жасағының командирі полиция подполковнигі Асланбек Бисенгалиев Алматы қаласы ТЖД ӨҚЖ қызметкерлерімен бірге саяжай қоғамында тұрып жатқан азаматты байқайды. Ол өзінің су басқан үйінде бірнеше күн бойы болғаны белгілі болды.
Ер адам құтқарылып, қауіпсіз жерге жеткізілді.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек