Батыс Қазақстан облысында ер адам бірге тұратын әйелді көсеумен ұрып өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
БҚО полицейлерінің мәліметінше, оқиға 29 қаңтарда сағат 16.30 шамасында болған.
"1990 жылы туған ер адам үйде бірге тұратын әйелмен жанжалдасып қалған. Ол 1982 жылы туған әйелді көсеумен ұрып өлтірген. Әйел адам есін жимастан оқиға орнында қайтыс болған", - делінген хабарламада.
Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабы бойынша соталды тергеу басталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!