- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алимент
БҚО-да ер адам алимент төлемес үшін қулық ойлап тапқан
![БҚО-да ер адам алимент төлемес үшін қулық ойлап тапқан](/userdata/news/news_124420/image_l.jpg)
Қазақстандық ер адам алимент төлеуден жалтару үшін аты-жөнін өзгертіп, басқа елдің төлқұжатын алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің көші-қон қызметі алимент төлеуден жалтарған, іздеуде жүрген 48 жастағы ер адамды анықтады. Іздестіру шаралары барысында ер адамның Ресей Федерациясы аумағында жүргенде тегі мен әкесінің атын өзгертіп, Ресей азаматтығы мен төлқұжатын алғаны белгілі болды.
"Осылайша, ол құқық қорғау және шекара қызметтерін алдап, Қазақстан Республикасының шекарасын кедергісіз кесіп өткен. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде оның қос азаматтығы бар екені дәлелденді. Сот шешімі бойынша құқықбұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 540 мың теңге көлемінде айыппұл салынды", - делінген хабарламада.
2024 жылы облыс полициясы қос азаматтық алудың 57 фактісін анықтады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес