БҚО-да ер адам 6 жасар қызды дүкенге алдап апарып, артынша зорлады деген ақпарат тарады

БҚО-да ер адам 6 жасар қызды дүкенге алдап апарып, артынша зорлады деген ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өңірдің Полиция департаменті жағдайға пікір білдірді. Ведомство мәліметінше, 22 тамызда сағат 21:20-да Тасқала аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғынынан кәмелетке толмаған қызы жоғалғаны туралы хабарлама түскен.

"Анасының айтуынша, қыз дүкенге оның танысымен бірге шығып, кейін оралмаған. Дереу іздестіру шаралары ұйымдастырылып, іздеуге полицияның барлық бөлімшесі жұмылдырылды", - деді полиция.

23 тамызда полицейлер 32 жастағы ер адамды ұстаған.

"Ол қыздың жүрген жерін көрсетті. Қыз ауыл шетінен табылды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!