БҚО-да екі баладан метапневмовирус анықталған

Батыс Қазақстан облысында метапневмовирус жұқтырудың 2 жағдайы тіркелген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметінше, екі жағдайда да 14 жасқа дейінгі балалар жұқтырған.

Метапневмовирус туралы не белгілі?

Метапневмовирус - тыныс алу жолдарының инфекциясы. Ол балаларға, қарттарға және иммунитеті төмен адамдарға қауіпті. Вирус көбіне тұмау немесе респираторлық инфекция түрінде көрінеді.

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі метапневмовирустың эпидемиологиялық жағдайы мен таралуына қатысты түсініктеме берген болатын.  

Кейін желіде метапневмовирус (hMPV) коронавирус инфекциясынан әлдеқайда қауіпті екені жайлы жазба тарап, Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеме жасаған еді.

Артынша "СК-Фармация" ЖШС қоймаларда жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының инфекциясын емдеуге арналған препараттар қоры бар екенін хабарлады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!