БҚО-да екі адам пәтерде шыққан өрттен кейін өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 10 желтоқсанда жеке үйде болған. Өрт шыққаны туралы ақпарат 07.25-те түскен. Үйдің төбесі, тұрғындардың жеке заттары және ішінара шатыры жанып кеткен.
"Өрттің жалпы аумағы 15 шаршы метр. Оқиға орнында 40 және 30 жастағы екі адам өлі табылды. Өрт 08.55-те сөндірілді. Өрттің неден шыққаны анықталып жатыр", - делінген БҚО ТЖД хабарламасында.
Өртті сөндіру барысында 21 адам мен 6 техника тартылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!