Батыс Қазақстан облысында боранды күні адасып кеткен ер адам мен жасөспірім құтқарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
20 қаңтарда Орал - Тасқала тасжолымен БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызмет аға инспекторы Омар Ғаббасов жолдың жабық учаскесінде қалған автомашиналар колоннасын ілестіріп келе жатқан. Біраз уақыттан кейін ол жолдың шетінде тұрып, көмек сұраған екі адамды байқаған.
30 жастағы ер адам мен оның 15-16 жастағы інісі далаға мал іздеп шығып, адасып кеткені белгілі болды. Олар жолға қарай шығады, бірақ ауа райының қолайсыздығына байланысты бұл тасжолда қозғалыс шектеулі болғандықтан, жол жиегінде ұзақ тұрған. Олар қатты тоңып қалған. Полиция қызметкері оларды тұрғылықты жеріне, яғни Тасқала ауылына жеткізген.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз