- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да дүкендердің бірі...
БҚО-да дүкендердің бірі отқа оранды
Фото:
ТЖМ
Өрт сөндірушілер Батыс Қазақстан облысының ауылды жерінде болған тосыннан болған өрт жағдайын дер кезінде сөндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Өңірге қарасты Бөкейорда ауданы Орда ауылының азық-түлік дүкендерінің бірінде шатырдың отқа оранды.
"Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты арнайы күштері 60 шаршы метр аумақты шарпыған алаңдағы өртті жойды. Оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр", - делінген хабарламада.
Бұл ретте ТЖМ төтенше жағдай орын алған жағдайда 101 немесе 112 номеріне хабарласуды сұрайды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
А. Жайыққызы