- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- БҚО-да бұралқы иттер...
БҚО-да бұралқы иттер 5 жасар баланы талап кетті
Ақсайда бұралқы иттер 5 жасар баланы талап кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі uralskgorod-қа сілтеме жасап.
Бала дереу реанимацияға жатқызылды, дәрігерлер оның жағдайын орташа ауыр деп бағалады. Бұл туралы Батыс Қазақстан денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері мәлімдеді.
11 қазанда Бөрлі орталық аудандық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне 5 жасар қыз жеткізілді, оны бұралқы иттер бірнеше рет қапқан.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері бала түскен кезде шокта болғанын, оның жағдайын ескере отырып, қыздың жансақтау бөліміне жатқызылғанын айтты.
"Жараларды біріншілік хирургиялық емдеу, сіреспеге қарсы сарысумен шұғыл егу, ауырсынуды басатын терапия жүргізілді. Бүгінде баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Ол хирургия бөлімінде қажетті ем қабылдап жатыр", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі өкілдері.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Бөлек